Модельдің ерекшеліктері
Дизайн
Динамика
Инновациялар
"Жылтыр Қара" түс дизайнының айрықша элементтері

"Жылтыр Қара" түс дизайнының айрықша элементтері

Артқы көрініс айнасын қондыру, М ауа өткізгіштері және "Жылтыр Қара" түстік артқы спойлері BMW M8 Competition Cabrio-ға мейлінше ширақ етіп көрсетеді. М экстерьерін өңдеудің опционалдық карбон пакетіне көмірпластиктен (карбоннан) жасалған элементтер кіреді.

20" M оңай балқитын дисктер Star-spoke 813 M Bicolor

20" M оңай балқитын дисктер Star-spoke 813 M Bicolor

20" M оңай балқитын дисктер Star-spoke 813 M Bicolour Jet Black, тегістелген, әртүрлі өлшемді шиналармен. Алдыңғы дисктер 9,5Jx 20, 275/35 R20 шиналармен, артқы дисктер 10,5J x 20, 285/35 R20 шиналармен.

M Sport орындықтары

M Sport орындықтары

Реттеудің әртүрлі мүмкіншіліктері барM Sport оорындықтары өзінің формасы бойынша жарысқыш шөмішті еске салады және оның жартылай интеграцияланған бас сүйегіші бар. Орындықтар Сізге де және алдыңғы жолаушыға да керемет бүйір жақ тіреуін қамтамасыз етеді. сонымен қатар, арқасының жалпақтығыны жеке-дара реттеуге болады. Сәулелендірілген "М" логотипі бар ерекше сырт келбеті автомобильдің спорттық сипатын нақтылай түседі.

Қуаты 625 а.к. болатын M TwinPower Turbo тиімділігі жоғары 8-цилиндрлі бензинді қозғалтқыш

Қуаты 625 а.к. болатын M TwinPower Turbo тиімділігі жоғары 8-цилиндрлі бензинді қозғалтқыш

М TwinPower Turbo 8 цилиндрлі бензинді қозғалтқыштың соңғы модификациясы ең заманауи стандарттарға сәйкес жоғары динамикалылықты кепілдендіреді. Бұл айналымы жоғары агрегат 625 а.к. (460 кВт) болатын қуатты өндіреді. Екі турбоқысымтығын цилиндрлері көлденең орналасқан шығару коллекторының арқасында оптималдық алғырлығымен ерекшеленеді. Бұл V8 қозғалтқышы жарыс трассасындағы экстремалдық жүктемеге де есептелген.

Drivelogic функциясы бар 8 сатылы M Steptronic спорттық БҚАҚ

Drivelogic функциясы бар 8 сатылы M Steptronic спорттық БҚАҚ

Drivelogic функциясы бар 8 сатылы M Steptronic спорттық БҚАҚ максималды ширақтықтан бастап жайлылық пен үнемділікке дейінгі көптеген қайта қосу алгоритмдерімен ерекшеленеді. Сіз берілістерді беріліс селекторының иінтірегімен немесе руль астындағы жапырақшалармен қолмен қоса аласыз, сондай-ақ, беріліс қорабының автоматты жұмыс режимін де қолдана аласыз.

Карбон-керамикалық M тежегіш жүйесі

Карбон-керамикалық M тежегіш жүйесі

Карбон-керамикалық М тежегіш жүйесі мейлінше дәл реакцияны қамтамасыз етеді. ол таттанбайды және мейлінше жоғары термикалық жүктемеге төзімді. бұл тежегіш жүйесі тозу деңгейінің төмендігімен ерекшеленеді және автомобиль массасының азаюына ықпал етеді, бұл маневрлілікке, ширақтыққа және қарқындылыққа оң әсер етеді. Ерекше техникалық жабдықталуын "М" логотипі бар күңгір алтын түстес-күңгірт суппорттар бойынша оңай ажыратуға болады. Материалдың ерекше қасиеттері тежеу кезінде, мысалы, ұзақ уақыт бойы төмен жүктеме жағдайында немесе ылғалды ауа-райында тоқтағаннан кейін бірден шуылдың пайда болуына алып келуі мүмкін. Конструкциясына байланысты мұндай шуылдың пайда болуын тежегіш дискілерін ылғалды ауа райында тежеумен немесе ұзақ уақыт бойы төмен жүктемеден кейін бірнеше тежеулермен кептіріп алып кетіруге болады. Ылғал немесе жолдағы тұздардың тежегіш механизмдерге тиюі - мысалы, автомобильді жуғаннан кейін, таңғы шық түскенде, жаңбырда жүргенде және т.б. - тежеу тиімділігі қалыпты тежегіш жүйесінің деңгейіне түсіп қалуына алып келуі мүмкін. Тежегіш қуатының төмендігі тежегіш басқысына қысымды ұлғайтумен компенсациялануы мүмкін. функционалдық шуыл тежегіш жүйесінің жұмыс қабілеттілігіне, қауіпсіздігіне және сенімділігіне әсер етпейді.

M ерекше аспаптар панелі

M ерекше аспаптар панелі

М ерекше аспаптар панелі ерекше спорттық жүргізу үшін қажетті қосымша ақпаратты көрсетуге мүмкіндік береді. Жарыс трассасында жүру үшін TRACK* жүргізу режимін таңдаған кезде Сізге үрлем қысымы, шиналардағы ауа қысымы және олардың температурасы туралы, сонымен қатар көлденең және бойлық үдеу күші туралы ақпарат аспаптар панелінде қолжетімді болады. * TRACK режимі BMW M8 Competition Coupé үшін ғана ұсынылады.

M Setup

M Setup

M Setup* мәзірі қозғалыс динамикасының әртүрлі өлшемдерін, оның ішінде қозғалтқыштың, трансмиссияның және рульдік басқарудың сипаттамаларын, амортизаторлардың баптауларын, DSC жүйесінің араласу дәрежесін немесе M xDrive толық жетек жүйесіндегі қуаттың таралуын Сіздің дербес талаптарыңызға сәйкес баптауға мүмкіндік береді. *BMW M8 Competition Cabrio мен BMW M8 Cabrio үшін ұсынылады.

Professional жүргізу ассистенті

Professional жүргізу ассистенті

Professional жүргізу ассистенті байыпты қозғалыс кезінде де, жолдағы сыни жағдайларда да оңтайлы жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Стандартты жүргізу ассистентінің функционалына қосымша ол сондай-ақ рөлді бұру ассистентін және функциясы кеңейтілген жолды бақылау жүйесін, шұғыл тоқтау ассистентін, сонымен қатар бүйір жақ соғылудан белсенді қорғайтын жолда ұстап қалу жүйесін біріктіреді.

Plus тұрақтату ассистенті

Plus тұрақтату ассистенті

Plus тұрақтату ассистенті автомобильді тұрақтату кезіндегі маневрлікті жеңілдетеді. Оған үйтінен қарауды, панорамалық көріністі және қашықтықтан 3D-шолуды қоса алғандағы айналаны шолу, сондай-ақ перпендикуляр тұрақтату кезіндегі көмек жүйесі, апаттық жақындау кезіндегі белсенді сигнализация, шұғыл тежеу функциясы, BMW Drive Recorder бейнетіркеуіші, параллель және перпендикуляр тұрақтату ассистенті және артқы жүрісті қозғалыс ассистенті кіреді.

BMW Intelligent Personal Assistant

BMW Intelligent Personal Assistant

BMW Intelligent Personal Assistant-тың көмегімен автомобиліңізбен сөйлесіңіз. Сіз автомобильдің әртүрлі функцияларын басқару үшін оған ерікті түрде дыбыстық командалар бере аласыз. Сондай-ақ, ол Сіздің автомобиліңіздің көптеген функциялары туралы түсініктеме бере алады және Сізге өз BMW-ңіз туралы көбірек білуге көмектеседі.

Сипаттамалары мен бағалары

Сұраныс қалдыру

BMW M8 Cabrio

img