Модельдің ерекшеліктері
Дизайн
Динамика
Инновациялар
«Жылтыр Хром» түсті радиатор торы

«Жылтыр Хром» түсті радиатор торы

Алдыңғы бөліктің қарқынды көрінісі «Жылтыр Хром» түсті тор жақтауымен және соған сәйкес дизайндағы M8 эмблемасымен ерекшеленеді, бұл автокөлікке бұрынғысынан да спорттық түр сыйлайды.

«Жылтыр Хром» түсіндегі алдыңғы қанаттардағы M ауа өткізгіштері

«Жылтыр Хром» түсіндегі алдыңғы қанаттардағы M ауа өткізгіштері

M8 эмблемасы кірістірілген алдыңғы қанаттардағы M ауа өткізгіштері «Жылтыр Хром» түсінде орындалған және спорттық, эксклюзивті екпіндерді бүйірден орналастырады.

Сыртқы артқы көрініс айналарының жапсырмалары және шанаққа түстес M артқы спойлері

Сыртқы артқы көрініс айналарының жапсырмалары және шанаққа түстес M артқы спойлері

Сыртқы артқы көрініс айналарының жапсырмалары және шанақ түстес M артқы спойлері автокөліктің қарқынды мүсініне баса назар аудартады және оған спорттық, әдемі сипат береді. М артқы спойлері дөңгелектердің жермен ілінісуін және автокөліктің бағыт тұрақтылығын жақсартып, қажетсіз көтеру күшін айтарлықтай азайтады.

Қуаты 600 а.к. жететін тиімділігі жоғары M TwinPower Turbo 8 цилиндрлі бензин қозғалтқышы.

Қуаты 600 а.к. жететін тиімділігі жоғары M TwinPower Turbo 8 цилиндрлі бензин қозғалтқышы.

Тиімділігі жоғары M TwinPower Turbo 8 цилиндрлі бензин қозғалтқышының соңғы модификациясы ең заманауи стандарттарға сай жоғары қарқынға кепілдік береді. Бұл жоғары айналымды агрегат қуаты 600 а.к. (441 кВт) дейін жетеді. Екі турбоүдеткіш біркелкі ұзындықтағы газ шығару коллекторымен үйлесуі арқасында оңтайлы қабылдау қабілеттілігімен ерекшеленеді. Бұл V8 қозғалтқышы жарыс жолындағы экстремалды жүктемелерге де есептелген.

Drivelogic функциясы бар 8 сатылы M Steptronic спорттық автоматты беріліс қорабы

Drivelogic функциясы бар 8 сатылы M Steptronic спорттық автоматты беріліс қорабы

Drivelogic функциясы бар 8 сатылы M Steptronic спорттық автоматты беріліс қорабы көптеген ауысу алгоритмімен ерекшеленеді: барынша қарқындыдан жайлы әрі үнемдіге дейін. Сіз берілістерді беріліс селекторының тұтқасымен немесе руль астындағы құлақшалар арқылы қолмен ауыстыра аласыз, бұған қоса, беріліс қорабының автоматты жұмыс режимін қолдануға да болады.

Бейімделетін М аспасы

Бейімделетін М аспасы

Бейімделетін М аспасы амортизаторларды ағымдағы жол жағдайына сәйкес реттеуге мүмкіндік береді, бұл автокөліктің қарқындылық сипаттамалары мен жайлылығын арттырады. Стандартты COMFORT баптауларынан бөлек, көлік жүргізуден әлдеқайда көп ләззат алу үшін амортизаторлардың қатаң баптаулары бар SPORT режимі ұсынылады, ал SPORT+ режимін жарыс жолында қосуға болады.

М ерекше аспаптар тақтасы

М ерекше аспаптар тақтасы

M арнайы аспаптар тақтасы әсіресе спорттық мәнерде жүргізу үшін қажет қосымша ақпаратты көрсетуге мүмкіндік береді. Жарыс жолында жүру үшін TRACK* режимін таңдағанда аспаптар тақтасында сізге үрлеу қысымы, шиналардағы ауа қысымы және олардың температурасы, көлденең және бойлық үдеу күштері туралы ақпарат қолжетімді болады. * TRACK режимі тек BMW M8 Competition Gran Coupe моделіне ғана ұсынылады.

M Setup

M Setup

M setup* мәзірі қозғалыс қарқынының әртүрлі параметрлерін, соның ішінде қозғалтқыштың, трансмиссия мен рульдің сипаттамаларын, амортизаторлардың баптауларын, DSC жүйесінің араласу дәрежесін немесе m xDrive толық жетек жүйесіндегі қуатты бөлуді сіздің жеке қалауыңызға сәйкес реттеуге мүмкіндік береді. * BMW M8 Competition Gran Coupe және BMW M8 Gran Coupe үшін ұсынылады.

M арнайы индикаторы бар проекциялық дисплейі

M арнайы индикаторы бар проекциялық дисплейі

Контенті бапталатын М* арнайы индикаторы бар проекциялық дисплейінде қызыл аймаққа жақындау туралы ескерту тахометрі, ауысу индикаторы және таңдалған беріліс индикаторы сияқты спорттық жүргізу үшін маңызды параметрлер көрсетіледі. * BMW M8 Competition Gran Coupe және BMW M8 Gran Coupe үшін ұсынылады.

Professional көлік жүргізу көмекшісі

Professional көлік жүргізу көмекшісі

Professional көлік жүргізу көмекшісі бір сарынды қозғалыс жағдайында да, жолдың күрделі жағдайларында да оңтайлы жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Стандартты көлік жүргізу көмекшісінің функциясынан басқа, оған бұру көмекшісі және жетілдірілген функциялары бар қозғалыс жолағын бақылау жүйесі, шұғыл тоқтату көмекшісі, сондай-ақ бүйірлік соқтығысудан белсенді қорғанысы бар жолақта ұстау жүйесі кіреді.

BMW Intelligent Personal Assistant

BMW Intelligent Personal Assistant

Егер сіздің BMW автокөлік жөніндегі жеке сарапшыңыз ретінде әрекет етсе, не айтар едіңіз? BMW Intelligent Personal Assistant көмегімен автокөлігіңізбен сөйлесіңіз. Автокөліктің әртүрлі функцияларын басқару үшін оған еркін түрде дауыстық командалар беруге болады. Ол автокөліктің көптеген функциялары туралы түсініктеме бере алады және BMW туралы көбірек білуге көмектеседі.

Сипаттамалары мен бағалары

Авто в наличии
Все автомобили в наличии
* Автомобиль, изображенный на фотографии не является точным отражением автомобиля в наличии.Подробную информацию о наличии интересующего Вас автомобиля уточняйте у официального дилера
car

BMW X5 xDrive40i

2998 см3, 340а.к., Бензиновый
Автомат
Полный привод
63 404 270 тг
Өтінім қалдыру
car

BMW X5 xDrive40i

2998 см3, 340а.к., Бензиновый
Автомат
Полный привод
61 278 068 тг
Өтінім қалдыру
car

BMW X7 xDrive40i

2998 см3, 340а.к., Бензиновый
Автомат
Полный привод
70 650 929 тг
Өтінім қалдыру
car

BMW X7 xDrive40i

2998 см3, 340а.к., Бензиновый
Автомат
Полный привод
71 570 988 тг
Өтінім қалдыру
car

BMW X7 xDrive40i

2998 см3, 340а.к., Бензиновый
Автомат
Полный привод
66 866 597 тг
Өтінім қалдыру
car

BMW X7 xDrive40i

2998 см3, 340а.к., Бензиновый
Автомат
Полный привод
72 104 695 тг
Өтінім қалдыру
car

BMW X5 xDrive40i

2998 см3, 340а.к., Бензиновый
Автомат
Полный привод
59 170 239 тг
Өтінім қалдыру
car

BMW X5 xDrive40i

2998 см3, 340а.к., Бензиновый
Автомат
Полный привод
61 555 540 тг
Өтінім қалдыру
car

BMW X7 xDrive40i

2998 см3, 340а.к., Бензиновый
Автомат
Полный привод
72 276 149 тг
Өтінім қалдыру
car

BMW X6 xDrive40i M Sport

Электрический
Автомат
Полный привод
64 174 971 тг
Өтінім қалдыру
Сұраныс қалдыру

BMW M8 Gran Coupe

img