M MODE түймесі
Жүргізушінің көмекші жүйелерінің араласу дәрежесін баптау үшін орталық консольдегі M MODE түймесін пайдаланыңыз. ROAD режимінде электрондық көмекшілердің барлық мүмкіндігі қолданылады. SPORT режимінде олар жүргізушіні тек ескертеді, бірақ автокөлікті басқару процесіне араласпайды. TRACK режимінде жүргізушінің көмекші жүйелері толығымен, мысалы, жарыс жолында жүру үшін өшірілген. Бұған қоса, ақпараттық дисплейлерде таңдалған режимге неғұрлым сәйкес келетін автокөлік параметрлері көрсетіліп тұрады.